15.03.2023, 22:21
Оқылды: 61

Теректілік өнер иелерін қабылдады

Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев аудан атын шығарып жүрген өнерлі жандарды қабылдады. Кездесуге Аңқаты ауылының тумасы,  Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Исалиева  мен жас айтыскер ақын Әділ Ахметов келді. 

IMG-20230315-WA0335

Бибігүл Мақсотқызы Президент степендиясының иегері атанса,  Әділ Ахметов жуырда Сырым ауданында өткен аймақтық «Далагер» этнофестивалінде бас жүлдені иеленіп, Сырым баба семсерін елге әкелген болатын.  Аңқатылық екі өнер иесімен жүздескен аудан басшысы  әрдайым қолдауға дайын екендігін жеткізді. Өз кезектерінде өнерпаздар да алғыстарын білдірді:

-«Далагер» сөзі - бұрын көп қолданыста болмаған, ұмытылып бара жатқан сөздердің бірі.  Этнофестивальге атау қоярда ұйымдастырушылар көп ойланып, осылай атаған. Яғни, бұл - дананың қыр-сырын білетін, бойына барлық далалық дүниені, өнерді жиған, күрес, садақ ату, терме, айтыс секілді бір бойынан барлығы табылатын адамға арнап айтылған сөз. Додаға қатысушылардың бойынан да осындай өнер табылсын деген ниетте қойылған.

IMG-20230315-WA0336

IMG-20230315-WA0340

IMG-20230315-WA0341

Әр аймақтан келген қатысушылар арасынан жүлде алып, семсерді иелендім. Ендігі кезекте Теректінің төрінде айтыс ұйымдастыруға мұрындық болсаңыз екен, - деді Әділ Ахметов. Өнерпаздарға аудан әкімі Тілек Александрұлы алғысхат пен естелік сыйлығын табыстады.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале