Наурыз айының басында ауа райының күрт жылуына орай қар тез еріп, малға да, жанға да қауіп төндіргені белгілі.
Осындай қиын сәтте Шыңғарлау аудандық мекеме қызметкерлері бір адамдай жұмылып, тілсіз жаумен күресуге бар күшін салды. Дегенмен ауданның Қарағаш ауылдық округіне қарасты Қайынды ауылындағы өзен арнасына сыймай, ауыл тұрғындарының үйі мен қорасына, малы мен мүлкіне қауіп төнген болатыр. Осы орайда Орал қаласынан наурыз айының 12-16 күндері «Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндірі және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, құтқару әрекетіне қатысқан азаматтарды аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қабылдады.
Қабылдау барысында аудан басшысы су тасқынына атсалысқан жандарға ел басына қиын күн туғанда бейжай қарамай, күш-жігерін жұмсағаны үшін шынайы алғысын білдіріп, жасақ құрамындағы Нұрберген Құлмашевқа, Бекжан Айтқалиев пен Алексей Алексеевке және Елжан Серіков пен Табиғат Хайрушев алғысхат табыс етті.
Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz