17.03.2023, 17:15
Оқылды: 49

Қазақстандық медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда еркіндік беріледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында медициналық ақпараттық қызметтер нарығында монополияға қарсы әрекет ету шаралары талқыланды, деп жазады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

img-8595jpeg

Мәселен, емханалар мен басқа да медициналық ұйымдарға ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда барынша еркіндік беру тетіктері қаралды. Бұл, қандай да бір компанияның нарықта үстемдік етуінің техникалық мүмкіндіктерін  шектеуді білдіреді. Бүгінгі таңда медициналық мекемелердің таңдауы шектеулі, өйткені жеке компаниялар оларға жинақталған мәліметтер базасын бермеуге құқылы, бұл ауруханаларды сол жеткізушілермен ғана келісімшарт жасауға мәжбүрлейді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, eHealth мемлекеттік платформасын құру үшін жұмысты жалғастырып жатқаны, оның шеңберінде қажетті медициналық мәліметтері бар пациенттер туралы бірыңғай дерекқор қалыптастыру жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале