Жаңақала аудандық ауруханасында Наурыз мерекесін насихаттау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрғали Ғаббасовтың қатысуымен мерекелік шара өтті.
Көктеммен қатар келген жер-дүниенің жаңарып, ерекше түрге енген тамаша жыл мезгілін аудандық аурухана да өз деңгейінде қарсы алып, келген қонақтарға көңілді күн сыйлады. Медицина қызметкерлерінен құрылған өнерлі қыз-жігіттер ән мен биден шашу шашып, ұлттық дәстүрді дәріптеп, барлық жөн-жоралғысымен «Беташар» рәсімін өткізді.
Сонымен қатар «ләңгі тебу», «көже тауысу» сынды ойындар ойнатылып, әділқазылар алқасының баға беріп, сыйлықтар табыс етілді.
Осылайша ақ дастархан дәмге толып, ақ тілекке көмкерілген ұлы күнді атап өту барысында ежелден мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлер қайта жаңғырды.
Зара Жәрдемова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz