Казталов ауданы орталығындағы көше жолдарындағы жаяу жүргіншілер өтетін жерлерге күн сәулесінен қуат алатын шамдар орнатылды. Бұл шамдар түнгі уақытта жарық беріп, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне көп көмегін тигізбек.
Жарық шамдары туралы Казталов ауданының әкімі Ернар Ғалымов айтып берді. Біздер жергілікті бюджеттің үнемделген қаражаты есебінен Казталов ауылында жаяу жүргіншілер өтетін жерлерге күн сәулесі арқылы қуат алатын жарық шамдарын орнаттық. Әзірге ауыл ішіндегі 5 жерге қойдық. Жалпы 15 жерге орнатамыз деген жоспарымыз бар, - деді округ әкімі.
Иә, мұндай жаңа шамдар жол жүру ережесінің сақталуына сеп болып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырмақ.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz