Сырым ауданы орталығында Наурыз мерекесін көше тұрғындарының қатысуларымен кең көлемде атап өту дәстүрге айналды.
Соның айқын куәсіндей Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектептің алдындағы алаңда орнатылған қазақы киіз үй, шатты әуендер, мың бұралған би, тәтті күй, ұлттық ойындар думанды Наурыздың басталғандығын кең әлемге жария етуде.
Наурыз тойын Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев, еңбек ардагері Зейнеден Бисекенов құттықтау сөз сөйлеп ашып, тұрғындарға ақжарма тілектерін жеткізді.
Мереке сәтінде жиналған қауымға ақ дастарқан жайылып, қазақы ұлттық тағам, бауырсақ, Наурыз көже тарту етілді.
Көше тұрғындары емен-жарқын әңгімелесіп, риза болып тарасты.
Мүсірбек Әлібекұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz