19.03.2023, 7:15
Оқылды: 27

БҚО-да сағат 7.00-де сайлау учаскелері ашылды

Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау участкелері таңғы сағат 7:00-ден өз жұмыстарын бастады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні шырқалып, салтанатты түрде ашылған дауыс беру участкелерінде сайлаушылардың алғашқы легі өз дауыстарын беруде.

IMG-20230319-WA0013

Алғашқы болып келген сайлаушыларға сайлау комиссиясының атынан сыйлықтар беріліп, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәм ұсынылды.

IMG-20230319-WA0014

«Еліміздің өркендеп дамуы мен халқымның тыныштығы болсын дегім келеді. Сол кезде ғана Қазақстан қарыштап дамып, ұрпақтарымыз қиындық көрмей өтеді. Жастарымыздың болашағы жарқын болып, елімізді әлемге танытсын. Өз таңдауымды елімнің тұрақтылығы мен дамуы үшін бердім», – деді Орал қаласының 47 жастағы тұрғыны Ерлан Муканов.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 07.19.56
Облыстағы аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, өңірде 504 сайлау учаскесі құрылған. Соның ішінде әкімшілік - аумақтық бірліктердегі өзгерістерге орай 4 жаңа участок құрылса, 5 участок жабылған.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 07.16.08 (1)

Сайлауға дайындық кезеңінде Орал қаласы, Бәйтерек, Сырым, Тасқала аудандарының бос тұрған 116 вакансиясы толтырылған. Өңір бойынша барлығы 689 сайлау комиссиясы болса, олардың 171-і округтік, 14-і аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау комиссияларының барлығы өз міндеттеріне уақытылы кірісті. Комиссиялар құрамдарында 4101 адам бар.

d3090d87-2796-43cf-ac46-1fb91789576e

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале