19.03.2023, 7:26
Оқылды: 76

Қоңыр ауылында бірінші дауыс берушіге шапан берілді

Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің орталығы Қоңырда сайлау ерекше басталды.

IMG-20230319-WA0012

№308 сайлау учаскесіндегі комиссия таңмен таласа тұрып, күнін ел болашағы саяси таңдау жасаудан бастаған ең бірінші дауыс берушіге шапан жапты.
Оюлы шапан күнінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен азамат, ауыл ақсақалы Бақтығали Ахмедияровтың иығына бұйырды.

IMG-20230319-WA0020
- Сайлау - тек саяси іс - шара емес, бір жағынан мереке ғой. Елдің тыныштығы, халықтың бірлігі осындай да білінеді. Биылғы ҚР Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы Ұлыстың ұлы күні Наурызбен тұстасып жатыр. Сондықтан, учаскеге бірінші келіп, дауыс берген адамға шапан жабамыз деп шешкенбіз. Құрметке Бақтығали қарт ие болды - дейді сайлау комиссиясының мүшесі Қобыланды Ғабдешов.

IMG-20230319-WA0016
Ал, Тамдыдағы №309 сайлау учаскесінде бюллетенді алғашқы болып қажы Төлеген Құмашев белгілепті.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале