19.03.2023, 8:02
Оқылды: 42

Қаратөбеліктер сайлауға қатысып, таңдауларын жасауда

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Саяси маңызды науқанға орай Қаратөбе ауданының орталығындағы №277 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-ден жұмысын бастап, алдымен Мемлекеттік Гимн орындалды. Сайлау учаскесіне таңнан бастап келген сайлаушылар  таңдауларын жасап, дауыс беруде.

IMG_9470

Қаратөбе ауылдық округіне қарасты №277 сайлау учаскесінің төрағасы Берікжан Ғарапшиевтің айтуынша, учаскеге 857 сайлаушы тіркелген. Үйден дауыс беруге өтініш бергендер 14 адам.

IMG_9476

Сайлау учаскесіне ертемен келіп алғаш дауыс берген ауыл тұрғыны Еркінбек Жәнібековке сыйлық табысталды.

Сайлаудың өту барысын бақылауға түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен тәуелсіз бақылаушылар қатысып отыр.

IMG_9478

Жалпы Қаратөбе ауданы бойынша 19 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Аудандағы сайлаушылар саны 8318 адам.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале