Подстепный ауылындағы № 384 сайлау учаскесі де таңғы сағат 7:00-де мемлекеттік Гимнмен ашылды.
Жалпы, бұл сайлау учаскесінде дауыс берушілер саны – 2347 адам.
Учаскеде бәрі дайын, өз ретімен жүріп жатыр. Бірінші келген сайлаушы Армат Жұбанғалиевке комиссия мүшелері естелік сыйлық табыс етті.
80 жастағы Тілеген Какимова да таңдауын жасап, сайлаудың әділ әрі сәтті өтуін тіледі. Тұрғындар өте көңілді. Белсенді түрде дауыс беруде.
Аягөз Айтқалиева,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz