Сайлау – халықтың өз таңдауын жасайтын нағыз демократиялық көрініс. Сондықтан да сайлауға тек саяси науқан емес, мереке ретінде де қараймыз.
Бүгінгі сайлау күні де теректіліктер үшін мереке. Таңғы 7-00-де жұмысын бастаған сайлау учаскелеріне келушілер қарасы толастамай, халық белсенділік танытуда. Қосулы тұрған рух көтерер әндер де мерекелік леп беріп тұр. Ал Подстепное ауылы халқы дауыс беріп шығып, жәрмеңкеге қарай бет алуда.
Ол жерде ет пен сүт өнімдері, көкөніс пен жемістен таңдап жүріп алған тұрғындар осы жерде көрісіп, «Сайлау да бір мереке ғой, құтты болсын» десіп жатыр.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz