Бүгінгі сайлауды ерекше күткен жандардың бірі – Фатима Берікқызы.
Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы университетке мемлекеттік грант жеңіп алған Фатима І курста оқиды.
-19 наурыз елімізде де, біздің жанұямызда да маңызды күн. Тұңғыш қызымыз Фатиманың алғашқы сайлауы! "Менің дауысым маңызды" деп, сайлауға арнайы келді. Отбасымызбен барып, №385 сайлау учаскесінде дауыс бердік. Қызымыздың алғашқы азаматтық таңдау жасауына куә болып, қуандық, - дейді анасы Жанар Тайшыбаева.
Қоғамдық жауапкершілікті сезінген белсенді жастардың бары қуанышты.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz