19.03.2023, 16:28
Оқылды: 23

Ақсайда жәрмеңке өтуде

Ақсай қаласында тұрғындарының асыға күтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бүгінгі Сайлау күніне орай да өтіп жатыр. 

98be4510-cb8a-4775-aff1-d1f8a0e14207

Таңмен таласып сайлау учаскелеріне барып, таңдауларын жасаған халық бірден жәрмеңкеге келуде. Табиғи таза және сапалы өнімдерге аса мән берілген.

17151847-eaaf-4dd7-985c-14606091fd0c

Ет, сүт өнімдерімен бірге жеміс-жидектер мен бау-бақша өнімдерінің сан түрі халыққа ұсынылуда. Әсіресе, бау-бақша, көкөніс өнімдері көңілге қонымды бағамен сатылып, аталған тауарларға жоғары сұраныс туғызуда. Мұндай шара, жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз саудалап, баға тұрақтылығын қамтуға да мүмкіндік береді.

Оған қоса, жәрмеңке жанында аудан көркемөнерпаздары тамаша концерт қойып, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлауда.

Сайлау науқанының жақсы өтуіне аудан кәсіпкерлері де атсалысуда. Мәселен, бүгін ауданда қатынайтын қоғамдық көліктің барлығы тұрғындарды тегін тасымалдауда.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале