Елімізде дәл бүгін өтіп жатқан сайлау науқанының бағасын беру келер күннің, уақыттың еншісінде. Бірақ бұл сайлаудың басқалардан өзгеше екенін бәрі де айтады. Кешегі Көрісу амалынан кейін, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан бұл сайлау наурызнама, наурыз тойының кезекті бір күні сияқты.
Сайлаушыларды комиссия мүшелері ақпен, тәтті бауырсақпен қарсы алып жатты.
Бір-бірімен көрісіп, амандасып, қауқылдасып, кездескенде қос қолын ұсынып, көрісуге ниет қылған кішілерге назын айтқан жеңгелердің қағытпасы, ақ жаулықтарын тағып, камзол, шапандарын киіп, бір-біріне "көрісуден көрісуге аман жетіп, көштен қалмай, осылай сайлауға қатысып аман жүрейік!", деп ақжарма тілек айтқан үлкендеріміз саяси шараның шырайын ашқаны анық.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz