Қаратөбе ауданы аумағында барлығы 19 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00-де басталған ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарқынды жүруде.
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқалидың сағат 17:00-дегі жағдайына берген мәліметіне сүйенсек, аудандағы сайлаушылардың 86,5 пайызы дауыс берген.
Яғни, 7 194 азамат өз құқығын іске асырып, таңдау жасаған.
– Жалпы аудан бойынша 8 318 дауыс беруші бар. Дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде. Арыз-шағымдар түскен жоқ. Қоғамдық ұйымдар мен партиялардан 91 өкіл сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесін қадағалауда. Халықтың сайлауға қатысуы белсенді. Қай сайлау учаскесін алсақ та, дауыс берушілер саны жартысынан асып жығылған. Мәселен, №282 сайлау учаскесінде 95 пайызы, №267 сайлау учаскесінде 89 пайыз сайлаушы дауыс берген, - дейді ол.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz