19.03.2023, 22:33
Оқылды: 53

Бұл сайлауда байқаушылар белсенділік танытты

Бүгін (19 наурыз) Жалпақтал ауылындағы №9 округтік сайлау комиссиясына қарайтын №244, 253 сайлау учаскелері мен №10 округтік сайлау комиссиясына қарайтын №254, №260 Сатыбалды ауылындағы сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы еш кедергісіз өтіп, жергілікті уақыт бойынша дауыс беру мерзімі кешкі сағат 20:00-де толықтай тоқтатылды.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 20.31.05

Сайлау уақытында дауыс беруге келген жергілікті сайлаушылардың кедергісіз қатысуына мүмкіндік жасап, сайлау талаптарының заңдылықтарын ертеңнен кешке дейін көз алмай қадағалаған байқаушылар осы сайлауда белсенділік танытты.
-Мен, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат тарапынан №254 сайлау учаскесінде байқаушы қызметін атқарып, күні бойына сайлаудың әділ өтуін қадағаладым. Шынында, біз бақылаған сайлау учаскесіндегі таңдау (сайлау) барысы әділ өтті деп нық сеніммен айта аламын. Онда ешқандай заң бұзушылық пен түрлі келеңсіздіктер орын алған жоқ. Сайлау учаскесінде өзім сияқты байқаушылар қатары көп болып, бәрі де өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты, - дейді сайлауда байқаушы болған Берекетов Жанарбек Нәсіпқалиұлы.
Ел сеніміне ие болып, ертеңгі күні депутат атанар халық қалаулылары болашақта мемлекетіміздің абыройын асыруға аянбай екбек ете берсін!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале