20.03.2023, 12:16
Оқылды: 61

Наурызды Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ерекше қарсы алды

"Наурыз – бірлік мерекесі". Осындай атаумен елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында есте қаларлық мерекелік шара өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

775771f6b0dc12367be3967037d64ec6_1280x720

Орталықтың кең залында бой көтерген қазақ ауылы ұлттық нақышымен көз тартады. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов төл ұжымы мен меймандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Наурыз ежелден келе жатқан мереке. Бұл мейрам көктемнің келуін, жаңа өмірдің басталуын, амандық пен молшылықты бейнелейді. Біздің ата-бабаларымыз отбасылық құндылықтарға деген көзқарасымен, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы ұрпақтар сабақтастығымен ерекшеленді. Бүгін біз бабадан қалған мұра салт-дәстүрлерімізді көрсеттік, - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

e2039bb512002fde2944f1a73570642c_1280x720

Орталықтың әрбір бөлімшесі қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін ұсынды. Басқарма ұжымы баланың тұсауын кесіп, жолының жеңіл әрі жарқын болғанын тіледі.

Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайдың қызметкерлері жас келіннің бетін ашса, Орталық ансамбльдің әртістері сырға салу рәсімін жасады. Ал Орталық әскери оркестрдің музыканттары құйрық-бауыр жескен құдалық өткізді. Қазақтың халық әндері мен билерін орындаған Орталық өнерпаздары жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға қатысушылар Наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале