22.03.2023, 16:44
Оқылды: 49

Түлектердің тартуы тамсандырды

Бүгін күллі түркі әлеміне ортақ жыл басы — Әз-Наурыз мерекесі. Осынау бір қуаныш пен күн шуағына толы қасиетті мерекені Казталов ауданында кең көлемде тойлануда. Ауданымызға қарасты барлық ауылдық округ тұрғындары жаңару мен жартылыстың бастауы — Наурыз мейрамын қарсы алып жатыр.

IMG-20230322-WA0087

IMG-20230322-WA0077 (1)

IMG-20230322-WA0084

IMG-20230322-WA0073

IMG-20230322-WA0091

IMG-20230322-WA0068

Әсіресе, Қараөзеннің бойында қоныс тепкен Қайыңды ауылында жақсы бастама көтеріліп, халықтың алғысына бөленуде.
Бәрін басынан бастасақ, Қайыңды ауылының мектеп түлектері туған ауылы мен жерлестеріне тамаша тарту жасады. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер Наурыз мейрамына он алты қанатты қазақты киіз үйін сыйлап, ақ отауды ауылдағы орталық саябаққа құрып берді.
1986 туған ауылдың азматтары киіз үй ішінде ақ дастархан жайып, құттықтап келген ауылдың үлкендерінің ақ батасын алды. Сонымен қатар түлектер ауылдастарға мерекелік Наурыз қоржындарын үлестірді.
Ерекше сыйлық тарту еткен мектеп түлектеріне округ әкімі Айбол Ғұбашев ауылдастар атынан алғыс білдіріп, алғыс хат табыстады.
Мерекенің көрігін киіз үй сыртында өткен ұлттық ойындар қыздырды. Ауылдастар білек күштерін сынап, гір тасын, қой көтеріп, арқан тартса, тойдың түйе палуаны да анықталды.

 

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале