24.03.2023, 10:45
Оқылды: 60

Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда

Астанада заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарғына арналған NIS-тің «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері аяқталды.

 

5d66b036-45cb-4ce8-bd93-4f764e96bfd8

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады.

– Күләш Шәмшидинованың бастамасымен жүзеге асқан Наурыз кездесулерінің тарихи маңызы зор, себебі елімізде жас ғалымдардың бірегей алаңы пайда болды. Бірнеше жылдан кейін біз әлемдік жаңалықтар авторлары мен Нобель сыйлығының лауреаттарының арасынан бүгінгі қатысушылардың есімдерін еститінімізге сенімдімін, – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Оралдағы Зияткерлік мектеп оқушылары Марат Хусаинов мен Әділ Сейдазымов⠀мидың қатерлі ісіктерін анықтайтын «Tumobrainor» бағдарламасын таныстырып, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі онкологиялық дертке шалдыққан балалардың 19,1 пайызында анықталған аталған дерт лейкоздан кейінгі екінші орында тұр. Мәселені мидағы түзілістердің кеш анықталуы ушықтыруда. Өйткені бастапқы кезеңде ісікті анықтау қиын, сәйкесінше бұл ісіктің өршуіне және болашақта ұзақ уақыт аурумен күресуге алып келеді.

04f2c3db-ef8b-4174-8ca8-7c675a874c58

– Біздің бағдарлама дәрігерлерге және ем алушыларға пайдалы болмақ. Ол МРТ суретін оқып, диагнозды үш секундта анықтай алады. Ол үшін нейронды желі көмегімен медициналық деректерге жасанды интеллект үйреттік, – дейді Марат.

Айта кетейік, бас қалада денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және үлкен деректерді енгізу жобаларымен табысты жұмыс істеп келе жатқан барлық Зияткерлік мектептердің жас ғалымдары жиналды. Оқушылар Массимо Пиньятелли, Атакан Варол, Дастан Рүстемов, Айгүл Сәдуақасова, Сиамак Фазли мен басқа да отандық және шетелдік ғалымдардың баяндамаларын тыңдап, шеберлік сағаттары аясында денсаулық сақтау саласына жаңаша көзқарас танытуға мүмкіндік алды.

Жоба жетекшілері – информатика пәнінің мұғалімдері Айсұлу Сүлейменова және Динара Тілекқабылова.

Айдана Хамидуллина, 

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале