24.03.2023, 17:59
Оқылды: 44

БҰҰ-ның су конференциясы аясында кездесу өтті

БҰҰ су конференциясы аясында қазақстандық делегация өкілдері Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрі Ли Гоинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

70c6ca066e27a8bd66ebbc0162ee5eac_1280x720

Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Кездесу барысында трансшекаралық өзендер саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ еліміздің делегациясы пленарлық отырыстарға және «Орталық Азия: су күн тәртібіне енгізуге арналған міндеттемелер» жоғары деңгейдегі іс-шараларға, «Теңізге шыға алмайтын дамушы елдерде ТДМ 6-ға қол жеткізуді жеделдету», «Су күн тәртібі шеңберіндегі Адам құқықтары», «Су ресурстары экономикасы: қайта құру», әділ және гүлденген болашақты қамтамасыз ету үшін басқару» панельдік сессияларына тұрақты қатысты.

БҰҰ -да атап өткендей, әлемнің 153 елі трансшекаралық су ресурстарын пайдаланады-мысалы, бірнеше ел арқылы өтетін өзендер. Үш миллиардқа жуық адам бірнеше мемлекеттерде орналасқан өзен бассейндерінде тұрады. сондықтан трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану-бүкіл адамзат үшін өзекті мәселе.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале