Ақсай қаласындағы №4 мектепте «Жайық толқыны» өлкетану фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
Байқауға Бөрлі ауданының 20 мектебінен 13 пен 15 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Жарыс Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Қатысушылар «Жас көркемсөз оқу шебері», «Жас күйші», «Жас шебер», «Жас дизайнер», «Жас аспаз», «Жас мобилограф» бағытында бақ сынады.
Аудандық білім беру бөлімінің қосымша білім беру бойынша әдіскері Азамат Мамбетжанов фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазылар алқасының айтуынша барлық аталымның қатысушылары мықты дайындықпен келген. «Жас күйшілер» халық күйлерін нақышына келтіріп орындаса, «Жас аспаздар» нан ысып, ал «Жас дизайнерлер» тақия тікті. «Жас мобилографтар» фестивальдің өту барысын толық түсірді.
Әр бағыттың мықтылары анықталып, марапатталды. Олар №4 мектептің оқушысы Данияр Күзбаев («Жас күйші»), Қарақұдық мектебінің 8-сынып оқушысы Анеля Нұрымова («Жас көркемсөз оқу шебері»), №3 мектептің оқушысы Томирис Ізбасарова («Жас шебер»), Ақбұлақ мектебнің оқушысы Гүлім Спорт («Жас дизайнер»), №3 мектептің 9-сынып оқушысы Назерке Жантасова («Жас аспаз»), №3 мектептің оқушысы Жасмин Ғабдуғалиева («Жас мобилограф»).
Бірінші орын алған оқушылар 29-31 наурыз күндері өтетін «Жайық толқыны» фестивалінің облыстық кезеңіне жолдама алды.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz