28.03.2023, 14:30
Оқылды: 42

Ауыл тазалығына атүсті қарамайық

«Тазалық – денсаулық кепілі» демекші, жалпы тазалық төңірегінде бұл мәселе айта-айта жауыр болғаны шындық. Қаратөбе ауданында басқа бағыттағы жұмыс қарқынды жүргенімен, тазалық мәселесіне келгенде ақсап тұрғаны жасырын емес.

 IMG_9641

Осыған орай аудандық мәслихат залында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен жиын өтті.

Ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының қатысуымен өткен басқосуда екі мәселе қаралды. Ол ауыл тазалығын сақтау, мал бағымын ұйымдастыру.

IMG_9637

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алған округ әкімі Беріқали Муса:

– Қаратөбе ауылдық округінің көше тазалығын сақтау үшін жыл басынан бері жұмыстар жасалып келеді. Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды жиналып, полигонға апарылды. Жыл басынан бері екі ай бойы келісім шарттың жасалмауына байланысты, көше тазалығына қатысты жұмыстар тұралап, өз күшімізбен жұмыстандық. Қазіргі уақытта тұрмыс қалдықтарының көп шығуына байланысты ақылы қоғамдық қызмет арқылы жұмыс атқаратын жұмыс күші қажет.

Қаратөбе ауылдық округін көгалдандыру жұмыстары бойынша Датұлы көшесіндегі қоршау ішіне, Қ.Жұмалиев атындағы саябаққа, Астана саябағына, СЭС ғимаратының артындағы саябаққа сәуір айында 350 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қаратөбе ауылының кіре берісіне (Қаратөбе-Жымпиты тас жолы бойына) көшеттер және қоршау жобасы бойынша 1000 түп ағаш егіледі. Аталған жұмыстарды атқару және ауыл ішілік тазалық жұмыстарын жандандыру мақсатында бірнеше мәрте сенбілік өткізу жоспарымызда бар.

Барлық ауыл тұрғынын көшелерге сенбілік ұйымдастыруға шақырамын. Мекеме айналасын тазалап, көгалдандыру қажеттігін аудан орталығындағы барлық мекеме басшыларының назарына саламын.

Мал бағымына қатысты көше комитеттерімен бірге көше тұрғындарымен кездесу ұйымдастырамыз. Шөптікөл ауылының бір көшесіне мал бағымын ұйымдастырдық. Мал бағамын дейтін жандарға қолдау көрсетіп, мал бағытына қарай жер де бөліп береміз, - дейді округ әкімі.

Жиында сөз алған аудан прокуроры Алмас Таспихов ауыл тұрғындарына мал бағымын ұйымдастыру жөнінде түсінік жұмыстарын көбірек жүргізіп, қараусыз мал аңықталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408 бабы бойынша айыппұл салынатының қаперлеп,  жүйелеп мал бағымын ұйымдастыру керектігін жеткізді.

IMG_9648

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы тазалық сақтауға салғырт қарайтын тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізуге, округ әкімдері мен бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале