Бүгін Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында Социалистік Еңбек Ері Манат Ержановты еске алуға және «Жарас» шаруа қожалығының жүлдесіне арналған бокстан дәстүрлі қала аралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Орал, Ақтөбе және облысымыздың аудандарынан келген 70 спортшы шаршы алаңда бақ сынаспақ.
Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев, спорт саласының ардагері Әскербай Саматов және жарыстың бас демеушісі, «Жарас» шаруа қожалығының өкілі Артық Усмангалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, болашақта еліміздің көк туын биікте желбірететін боксшы болыңдар деген тілектерін жеткізді.
Үш күнге созылатын жарыста 44-57 келі салмағындағы жасөспірімдер қолғап түйістіріп, өнер көрсетеді.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz