Қазақстандық файтер Азат Мақсұм АҚШ-қа жұмыс визасын алу және Солтүстік Америкаға сапарының мақсатын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: prospotrs.kz
«АҚШ-қа бір жыл мерзімге жұмыс визасын алдым. Бір жарым ай оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Денверге ұшып барамын. Қазірге UFC-мен келісімшарт жоқ, бірақ күтеміз. Егер келісімшарт ұсынса, дайынбыз», - деді Мақсұм Legalbet.kz сайтына.
Азат Мақсұмның менеджері Нұраддин Садықовтың айтуынша, оның клиенті UFC-ге лига басшысы Дана Уайттың үміткердің сериясы (DWCS) арқылы емес, тікелей шығады.
Фараби Әбдіхалық