30.03.2023, 12:16
Оқылды: 28

«EDEM» жұмысын бастады

Ерінбей еңбектенсең ғана, шаруаң алға жылжып, ойлаған мақсатыңа жетесің. Оған дәлелді ауданда талай жас кәсіпкерлер қолға алған кәсібінің өрлеуінен көруге болады. Жуырда Чапаев ауылының кәсіпкері Альбина Шөлтенова аудан орталығына күре жолдан кіре берістегі Мұнай базасы шағын ауданына бұрылыста «EDEM» кафесін ашты. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бақберген Әбуов арнайы қатысып, кәсіпкерді құттықтады.

– Аудан халқына қызмет көрсетуге өз үлесіңізді қосып жатқан кәсібіңіз алға баса берсін. Алдағы уақытта бұдан да үлкен мейрамхана ашуға тілектеспін.  Бүгінде  ауданда 2200-дей шағын және орта кәсіпкерлік нысаны бар. Соның 27-сі қоғамдық тамақтандыру орны болса, он екісі аудан орталығында орналасқан. Енді солардың қатарына сіздің кафеңіз қосылып жатыр. Қызметіңізге тек сәттілік тілеймін, – деді Бақберген Талғатұлы.

IMG_7293

Осыдан кейін сөз алған кафе иесі Альбина Шөлтенова заман талабына сай, әр тұтынушы демала алатын кафе ашуды көптен армандағанын айтып, қуанышына ортақтаса келгендерге алғысын айтты. Сонымен қатар ол кафе кең ассортиментті тағам түрлерін ұсынатынын және осында банкет іс-шараларын өткізілетінін жеткізді.

IMG_7283

Әрмен қарай салтанатты түрде жаңа кафенің лентасы қиылып, жиналғандар оны аралап көрді. Айта кету керек, құрылысына 30 млн. теңге құйылған «EDEM» кафесінің іші заманауи дизайнда сәнделген, жүз адамға дейін қызмет көрсете алады, осы уақытта 8 адамға жұмыс ұсынып отыр.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале