30.03.2023, 18:11
Оқылды: 22

Аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті

Бүгін Казталов аудандық филиалының VIII шақырылымының алғашқы ұйымдастыру сессиясы оздырылды.

20230330102158_IMG_8741 Сессияға аудан әкімі Рүстем Зұлқашев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов қатысты.

20230330102806_IMG_8748
Алғашқы сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын және олардың төрағаларын сайлау, «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының депутаттық фракциясын тіркеу туралы мәселелер қаралды. Алғашқы ұйымдастыру сессиясын ашқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов жиынға қатысушыларға сайлаудың қорытындысын жария етіп, жаңа сайланған депутаттарды таныстырды.

Сонымен қатар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жаңа сайланған депутаттар Дулат Рахматуллин, Абылайхан Шакуов, Дархан Дәулетияров, Сәкен Ищанов, Қуаныш Ермеков, Сарсынбай Молдашев, Ерназар Хамзин, Дархан Аябалиев, Рауан Есенғалиев, Мәди Меңдешов және Серікбол Қадемовке депутаттық мандаттарын табыс етті.
Мандат табыстау рәсімінен соң депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты шешім қабылдады. Сөйтіп депутаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен аудандық мәслихаттың төрағасы болып Сарсынбай Молдашев сайланды.

Ал депутат Абылайхан Шакуов «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы, депутат Сәкен Ищанов «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы болды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале