"Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ағымдағы жылғы 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді", - деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерінде орындайды.
Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.