3.04.2023, 11:59
Оқылды: 9

Көздіғара қыздары чемпион атанды

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, “Сырым жастары” жастар қоғамдық бірлестігі және аудандық демалыс орталығының ұйымдастыруымен 1 сәуір күлкі күніне орай жайдарман ойындары өтті.
image-03-04-23-11-27-6
Көңілді тапқырлар байқауында Ақырап-25, Көгеріс, Көздіғара командалары қатысты.
Ойын жекпе-жек әдісі арқылы өтіп, үш кезеңнен тұрды.
Астарлы әзіл мен ұтымды ой астасқан әзілкештер бәсекесінде өнер көрсеткен жастар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
image-03-04-23-11-27
Қазылар алқасы талапкерлердің сахна мәдениетіне, сөз саптау шеберлігіне, әзілдің мәні мен мағынасына басымдық беріп, өнерлерін әділ бағалады.
image-03-04-23-11-27-1
Нәтижесінде Көздіғара ауылының намысын қорғаған қыздар жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орын Ақырап-25 құрамасы иеленсе, ІІІ орын тұғырынан Көгеріс құрамасы көрінді. Және де ерекше өнерімен көзге түскен Көздіғара құрамасының мүшесі Қожаберген Гүлфайруз үздік ойыншы атанды. Жеңімпаз командалар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айман Өтеғалиева,
Сырым ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале