3.04.2023, 12:30
Оқылды: 93

«Білім беру 4.0: дербестендіру, саралап және даралап оқыту»

Оралдағы NIS-тің VІI аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін оқу үдерісін жақсартуға және жалпы білім сапасын арттыруға ұмтылатын 200-ден астам кәсіби маман мен сарапшының басын қосты.

WhatsApp Image 2023-04-03 at 11.34.54 (1)

Екі жылдан кейін дәстүрлі форматқа оралған⠀конференцияда педагогтар дербестендіру және оқытуды даралаудың теориясы мен практикасы, «Білім беру 4.0» жағдайында мектепті басқару мәдениеті, кері байланыс арқылы оқушылардың  қызығушылығын арттыру жолдары, мектептің көпжақты мәдениетінің қалыптасуы, ондағы өзгерістерді басқарудағы оқушы үнінің рөлін талқылады.

WhatsApp Image 2023-04-03 at 11.34.54 (2)

Кездесуде Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері, Орал қалалық Педагогикалық шебердік орталығы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі және  Батыс Қазақстан облыстық жалпы орта білім беретін мектептеп педагогтері тәжірибе  бөліспек. Соынмен қатар үздік мұғалімдер өз зерттеулерін постер арқылы көрсетеді.

WhatsApp Image 2023-04-03 at 11.34.54

– 4.0 білім берудің мақсаты – оқушылардың  кез келген жерде және кез келген уақытта жоғары сапалы білім алуына, сондай-ақ оларды болашақ еңбек нарығының талаптарына дайындауға мүмкіндік беретін икемді және тиімді оқыту жүйесін құру.  Сондықтан дербестендірілген және саралап оқыту тәсілдері «Білім беру 4.0» жағдайында оқушылардың қызығушылықтары мен жеке қажеттіліктерін  ескеруде тиімді, – деді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.

Кездесуде үздік мұғалімдер өз зерттеулерін постер арқылы таныстырды, соныман қатар «Даралық сағаты» идеясын ұсынғаны үшін №40 мектебінің мұғалімі Самал Рахметуллина марапатталды.

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале