3.04.2023, 15:00
Оқылды: 14

Шыңғырлау ауданында дүбірлі дода өтті

Кеше Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округіне қарасты​ Талдысай ауылында ұлттық ат спорты ұлықталды.

IMG_20230403_132846

Дүбірлі доданың өтуіне, бәйгенің жүлде қорына қаржылай қолдау көрсеткен атымтай жомарт азаматтар Туромов Болат Шамғонұлы мен Искалиев Ерталап Болатұлының орны бөлек.

IMG-20230402-WA0016

Доданы көзбен көріп, керемет әсер алып, рухымыз бір көтеріліп қайтты.

Бәйге түрлерінен "Топ бәйге" 9 шақырым, "Аламан бәйге" 18 шақырымға ұйымдастырылып, шағын елді мекенге облысымыздың аудандарынан 35-ке жуық атбегі бақтарын сынап, сәйгүліктерін жарыс жолына шығарды.

Жарыс болғасын бағы мен бабы қатар шапқан, шабандоз бен сәйгүліктер жеңіс тұғырынан көрінді.

IMG_20230403_132826
Топ бәйгеде Нұрболат Жириншевтің "Бұйражал" атты сәйгүлігі, шабандозы Ильяс ( Бөрлі ауданы, Достық ауылы) бірінші  (120 мың теңге ) келді. Мәреге екінші болып (80 мың теңге) Рустем Шайхиевтің​  "Шалиси" атты сәйгүлігі келді. Шабандозы  - Әли (Орал қаласы). Ал Жолай Бекболаттың "Ұшар" атты сәйгүлігі үшінші (50 мың теңге) келді. Шабандозы - Рафик (Бөрлі ауданы, Қызылтал ауылы).

Аламан бәйгеде Хамзин Дәуреннің "Шұғыла" атты сәйгүлігі (жүлдеге жабағы) келді. Шабандозы - Сәкен (Сырым ауданы, Көздіқара ауылы).
Жириншев Нұрболаттың "Жабақан" атты сәйгүлігі екінші (100 мың теңге) орынға ие болды. Шабандозы  - Илияс ( Бөрлі ауданы, Достық ауылы). Ал Нұрқанат Амировтың "Тоқтамыс" атты сәйгүлігі мәреге (50 мың теңге) үшінші жетті.  Шабандозы - Ерқанат ( Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы).

Бекболат Файзуллин,

Шыңғырлау спорт клубының

ұлттық спорт түрлерінен нұсқаушы әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале