Шымкент, Ақмола және Алматы облыстарында топтық тамақтан улану жағдайларының тіркелуіне байланысты Жаңақала ауданында санитарлық талаптар түсіндірілді.
Жаңақала аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші мамандары және БҚО кәсіпкерлер палатасының Жаңақала ауданындағы филиал директоры Гариб Асханбаев аудан орталығындағы қоғамдық тамақтану орындарына барды.
Яғни мейрамхана, кафе, асхана және фаст-фуд тамақтану орындарының басшыларына ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы 17.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сай жұмыс жасау керектігін және азық-түліктің сақтау мерзіміне баса назар аудару қажет екенін түсіндірді.
Сондай-ақ жаңадан ашылған тамақтану орындарының басшыларына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жұмыс жасап жатқандығы туралы хабарлама жасау керектігін ескертті.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz