4.04.2023, 16:59
Оқылды: 21

Казталовтық кәсіпкер кір сабын шығарып жатыр

Казталов ауданы көлемінде бұрын соңды қолға алынып көрмеген тың кәсіпті бастап, жаңа бір істің басын шалған азаматтың жұмыс барысымен танысып қайттық.

c8491634-e181-47e1-8d7d-63508d4f3935

Ол қандай кәсіп десеңіз – кәдімгі өзіміз күнделікті тұрмыста жиі қолданатын кір сабын өндірісі. Жергілікті отандық өнімді шығаруды қолға алған азамат есімі – Қуаныш Гаднан. Аты аталған азамат  Алматы қаласынан арнайы келіп аудан орталығынан өндіріс цехы үшін қажетті орынжайды жалға алып, кір сабын өндірісін бастап та кеткен.

Бүйірінде  «KAZTALOV» деген жазу таспаланған сабындардың жасалу процесін көзімізбен көріп, кәсіп иесінен көкейіміздегі бірнеше сауалға жауап алдық. Қуаныш Гаднанның айтуынша, сабын жасайтын арнайы жабдық  пен шикізатты Өзбекстан мемлекетінен алдырған екен. 350 Вольт электр қуатымен жұмыс жасайтын аппараттың құны осы жерге дейін жеткізу бағасымен қоса алғанда 1 млн. 300 мың теңгені құраған. Бұл сабын шығару аппараты арқылы сағатына 200 дана сабын шығаруға болады.

WhatsApp Image 2023-04-03 at 18.00.35

- Сабын шығару цехын ашу идеясы осы жердегі жергілікті азаматтардың айтуымен және қолдауымен жүзеге асты. Біз шығарған жергілікті өнімнің сапасына 100 пайыз кепілдік бере аламын және алдағы уақытта нарықтағы бағасы да әлдеқайда төмен, халыққа қолжетімді болмақ. Шикізат шығыны, орынжайды жалдау құны және тағы басқа шығындарды есептей келе сабынның бағасы анықталып, алдағы уақытта жергілікті дүкен сөрелерінен табылады деп сенемін, - деді кәсіп бастаушы азамат.

WhatsApp Image 2023-04-03 at 18.00.42 (1)

Игі істі бастап, халық тұрмысына қажетті өнімді ауылымызда өндіріп жатқан азаматтың ісіне береке тілейміз.

 

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале