4.04.2023, 16:42
Оқылды: 39

Алматылық оқушылар үшін киберқауіпсіздік сабақтары өтеді

Бүгін Алматы қаласындағы №81 және №83 мектеп-гимназияларының оқушылары үшін балалар киберқауіпсіздігі тақырыбы бойынша тақырыптық сағаттар өтеді. Сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.

Снимок

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) көмегімен оқыту сабақтарының лекторы Алматы қаласындағы «Қазпошта» АҚ директоры Алтын Садықова болады.

Тақырыптық сабақтарда оқушыларға қаржылық алаяқтық және қаржы пирамидалары тақырыбы ашылады. Келешекте мектеп оқушыларының алған білімі оларды алаяқтар мен қаржы пирамидаларынан сақтандыруға, әртүрлі қаржылық қызметтер мен өнімдерге ұрынбауға, сараланған және дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауға үйретуге, сондай-ақ олардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі.

2022 жылдың көктемінде Агенттіктің республикалық маңызы бар үш қалада: Астана, Алматы және Шымкентте балалар киберқауіпсіздігі тақырыбы бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған арнайы оқыту жобасын іске қосқанын атап өткен жөн. 2022 жылдың күзінен бастап «Киберқауіпсіздік бойынша тақырыптық сағаттар» Қазақстанның барлық өңірлерінде, оның ішінде облыс, аудан орталықтары мен шалғайдағы ауылдық елді мекендерде өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған оқыту іс-шараларына ҚНРДА-ның өңірлік өкілдер басқармаларының, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның, «КМФ-Демеу» корпоративтік қорының және қаржы ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Агенттік Fingramota.kz жобасының шеңберінде өткізетін барлық оқыту  іс-шаралары тегін екенін атап өтеміз және қаржылық сауаттылық жөнінде  дәрістер мен вебинарлар өткізуге қызығушылық танытқан жағдайда, бізге [email protected] электрондық поштасына жазуларыңызға немесе Сall-орталықтың + 7 727 237 1000 немесе 1459 нөмірі бойынша телефон соғуларыңызға болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале