5.04.2023, 14:30
Оқылды: 43

Жол қатынасы қалпына келтірілуде

Баршаға белгілі 13 наурызда басталған көктемгі су тасқыны кезінде Қалдығайты өзеніндегі көпірді су шайып кеткен болатын. Содан бері арғы беттегі тоғыз елді мекенмен жол қатынасы үзілді. Өзеннің арғы бетіндегі ауылдардың халқы жаяу жүргіншілер көпірі арқылы өтуде.

Копір жондеу (3)

Тіршіліктің күретамырына айналған Жымпиты-Қалдығайты тас жолының 102-інші шақырымында орналасқан көпірдің қалпына келтірілуін күтіп жүрген ағайын көп. Аталмыш жолды күтіп ұстаушы мердігер компания «Орал жолдары» АҚ кешеден бастап көпірді қалпына келтіруді бастады. Құрылысқа екі 40 тонналық КАМАЗ автокөлігі және екі құм тиегіш погрузшик тартылған. Көпірдің бұзылған бөлігінің ұзындығы 200 метрдей болады. Егер жұмыс ойдағыдай тоқтаусыз жасалынса 7-10 күн аралығында аяқталмақ.

Копір жондеу (2)

Қалдығайты өзені арнасындағы ағыс бәсеңдеп, су деңгейі түскен. Қазіргі уақытта нива, УАЗ көліктері көпір жанынан суды кешіп арғы беттегі ауылдарға қатынауда.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале