Құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты.
Фото: видеодан кадр
Көкшетауда Әуезов көшесінде "Салтанат" тұрғын үй кешені алаңында салынып жатқан нысандардың бірінде кран құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 сәуірде сағат 11:50-де Көкшетау Полиция бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қаза тапқан.
Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.