6.04.2023, 17:14
Оқылды: 25

Жаңақалада кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданында аудан әкімі Дархан Закариннің төрағалығымен кеңес отырысы өтті.

кеңес отырысы өтті (6)

Жиынға ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде бес мәселе қаралып, талқыланды. Алғашқы болып аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшының м.у.а. Нұрберген Тілекқабылов тазалық айлығына қатысты және ағаш егу жұмыстары туралы баяндама оқып, Д.Әмірханұлы округ әкімдеріне ауылішілік саябақтардың күтімін және ауыл тазалығын қадағалауды тапсырды. Мал ұрлығының алдын алу шаралары, мал бағымын ұйымдастыру мәселелері бойынша жергілікті полиция қызметінің бастығы Әлихан Ізбанов сөз сөйлеп, сондай-ақ Жаңақала-Чапай бағытындағы жолда жылқы малының көптеп жүруі жол көлік оқиғасының орын алуына әкеліп соғатынын айтып, шара қолдануды сұрады.

кеңес отырысы өтті (5)

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева халықтың күделікті табысын арттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба жоспарларының орындалуы туралы, халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Асылан Оразалиев баяндады. Сонымен қатар мемлекеттік мекеме басшыларына бос жұмыс орындары болған жағдайда enbek.kz сайтына жариялауды сұрады. Сондай-ақ аудандық қорғаныс істер бөлімінің өкілі Абай Габдуллин көктемгі-жазғы әскерге шақырту жұмыстары туралы айтып өтті. Жиын соңында Д.Әмірханұлы ауылдық округ әкімдеріне көтерілген мәселелер жөнінде халықпен кездесу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале