7.04.2023, 10:45
Оқылды: 16

Қазақстандық тағы бір спортшы UFC-ге ауысты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм 16-0 рекордтық көрсеткішімен UFC-ге ауысты. Бұл туралы OCTAGON лигасы ресми түрде хабарлады.

9de6b0ae-d568-46e4-b4d5-323a3dbc539a

Фото: massaget.kz

Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лигаға әлемнің үздік промоушні есік ашты. Азат Мақсұм өз салмағында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген OCTAGON лигасы чемпионы атағына ие. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімге келгеніне өте қуаныштымыз. Азат – OCTAGON лигасы жауынгерлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі, - деп жазды лига.

Айта кетейік, осыған дейін UFC ұйымымен Асу Алмабаев келісімге қол қойған еді. Екі спортшы да ең жеңіл салмақта бақ сынайды.

massaget.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале