Бүгін Жаңқала аудандық Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен Мақсұт Жұмаев жүлдесі үшін тау туризмі техникасынан аудандық біріншілік өтуде.
Мақсұт Сағынтайұлы Жұмаев – халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстан альпинизм чемпионатының биіктік санатындағы бірнеше мәрте жеңімпазы. Биіктік сыныбындағы альпинизм бойынша ТМД ашық біріншілігінің чемпионы және жүлдегері. Альпинизмнен ҚР ашық біріншілігінің чемпионы. «Қар барысы» бағдарламасын орындау барысында бұрынғы КСРО аумағындағы ең биік 5 шыңның екеуін бағындырған.
Сайыстың ашылу салтанатында Жас туристер станциясының директоры қызметін уақытша атқарушы Қуат Имашев қатысушыларға сәттілік тілеп, Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогы Қайнар Жұмашев жарыс бойынша қысқаша түсіндіріп өтті.
Командалар «Жеке қашықтық» (Жумармен көтеріліп, аспалы арқылы жүру, дельфермен ортадағы шеңберге түсу) және «Техникалық қашықтық» (Жасанды жар тасқа өрмелеу, аспалы өткел, қиғаш арканмен төменге түсу) бойынша бақ сынап жатыр.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz