11.04.2023, 11:45
Оқылды: 46

Интернеттегі алаяқтардан сақ болыңыз!

Елімізде интернет алаяқтығының саны күрт өскен. Тіпті Шыңғырлау ауданында онлайн алаяқтардан зардап шегушілердің қатары жыл сайын артып отыр.  Интернеттегі алаяқтарынан сақтану және оның алдын алу мақсатында Шыңғырлау ауданының прокуроры Серік Орынғалиев бастаған бір топ құқық қорғау органы мамандары денсаулық сақтау саласының, колледж, саз мектебі және мектеп ұжымдарымен кездесті.

20230410_154538

Кездесу барысында прокурор Серік Наурызғалиұлы интернет алаяқтықтың қандай түрлері бар екеніне, сақтық шараларын ескеруге шақырды.
- Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды. Қазір интернет алаяқтарынан сақтаныңыз деп айтылып жатыр. Бірақ тұрғындар аңғалдық танытып, алданып қалғандары жоқ емес. Сол себептен телефон алқылы хабарласқан «банк қызметкеріне» ешқандай мәлімет беруге болмайды. Телефон тұтқасын қоя салып, қажет десеңіз банктердің тегін нөмірлеріне хабарласыңыз. Жалпы ешкімге ешқашан ақша аудармаңыз, - дей келе ауданының прокуроры Серік Орынғалиев интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталды.

Ол дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.

20230410_162232
Сонымен қатар, жиындарда Шынғырлау ауданы прокуратурасының прокуроры  Азамат Кенжебаев пен Шыңғырлау ауданы Пб-ң Тб-нің тергеушісі полиция капитаны  Сұлтан Кулушев аудан көлемінде алаяқтықтың құрбандарына айналған жерлестеріміздің опық жегенін, бүгінде олардың миллиондаған несие төлеп отырған фактілеріне тоқталса, Шыңғырлау ауданы Пб-і бастығының орынбасары полиция капитаны Талғат Жұмабеков, Шыңғырлау ауданы Пб-і ЖПҚб-ң бастығы полиция майоры Николай Губенко жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале