11.04.2023, 17:51
Оқылды: 37

Қалдығайты дамбысын қалпына келтіру жұмыстары басталды

Биылғы жылдың наурыз айында көктемгі су тасқыны өңіріміздің кей аудандарын әжептәуір әбігерге салды. Тасқынның салдарынан облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе автомобиль жолының 103 шақырымында орналасқан Қалдығайты дамбысы бұзылды.

WhatsApp Image 2023-04-11 at 17.14.28

Дамбының бұзылуынан Қаратөбе ауданының елді мекендері, атап айтқанда Аққозы ауылдық округіне қарасты Аққозы, Қоржын ауылдары, Саралжын ауылдық округіне қарасты - Сәуле, Қарақамыс, Бесотар ауылдары мен аудан орталығы арасындағы байланыс үзілген еді. Дамбының ені 12 метр, ұзындығы 450 метр шамасында. Бүгінде биылғы жылы Жымпиты-Қаратөбе автомобиль жолының 103 шақырымын күтіп ұстауды өз міндеттемесіне алған мердігер компания «Орал жолдары» акционерлік қоғамы дамбыны қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кетті. 10 сәуірден бері компания топырақ төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта дамбы арқылы өтетін жолдың жүріс бөлігі ашылып, жол көліктерінің жүруі үшін мүмкіндік туды. Ауылдар  мен аудан орталығы арасындағы байланыс қалпына келтірілді.

WhatsApp Image 2023-04-11 at 17.14.28 (1)

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұсынған мәліметтерге сәйкес аталған жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Барлық шығынның есептері дайын болған соң тиісті қаражат бөлінеді. Содан кейін нысанды толықтай қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале