12.04.2023, 15:15
Оқылды: 16

Зейнеткерлер арасында аудан біріншілігі өтті

Сырым аудандық “Қайсар” спорт клубында зейнеткерлер арасында дойбы мен асық атудан аудан біріншілігі өтті.
Жарыста аудан орталығынан бөлек Тоғанас, Алғабас, Аралтөбе, Жосалы, Қособа ауылдарынан барлығы 30-ға жуық ардагер өзара бақтарын сынады.
image-12-04-23-02-22
Нәтижесінде дойбыдан ІІІ орынды Серік Ғабдуллин, ІІ орынды Зинедден Бисекенов алса, І орынға Нұртаза Жұмағалиев лайық деп танылды.
Ұлттық ойын - асық атудан ІІІ орын Садық Рахымжанұлына, ІІ орын Жәрдем Мұхамбетжановқа бұйырса, мергендігін мойындатқан Ғилаж Қаналиев І орынға ие болды.
image-12-04-23-02-22-1
Ал “Жеңіске деген жігері үшін” дойбыдан Исатай Белгібаев, асық атудан Алтай Мұханғалиев марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер “Қайсар” спорт клубының тиісті дәрежедегі дипломдары және ақшалай сыйлықтарына ие болды.
image-12-04-23-02-22-3
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы 
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале