12.04.2023, 17:15
Оқылды: 8

Дала төсінде жұмыс қызу

Шыңғырлау ауданында шаруашылықтар ауа райының қолайлылығын пайдаланып егістік алқаптарда ылғал жабу, жер жырту, тегістеуге кірісіп кетті. Осы жұмыстарды аяқтап болғасын, егін себуге кіріседі.

340549596_966165954738553_5984810700293329458_n

Аудан аумағында алғашқы болып «Жарас», «Жаңа Жер», «Жақып»  және «Айтмұхамбет» шаруа қожалықтарының еңбеккерлері көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Осылайша олар көктемгі егін егуге жүйелі жүзеге асырып, мол өнім алуға ниетті.

Жалпы ауданда көктемдегі егістік алқабында 2 308 га жаздық бидай, 2 018 га арпа, 465 га тары, 435 га құмай, 2 187 га мақсары, 1 354 га күнбағыс, 4 500 га біржылдық және көпжылдық шөптер себу жоспарланып отыр.

Көктемгі дала жұмыстарына қолда бар және қажетті жанар-жағар май көлемі, сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді операторлармен қамтамасыз ету мақсатында наурыз, сәуір, маусым айларына 172 тонна шамасында жанар-жағар май бөлініп,  мердігер ретінде «NEFTEK Operating»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бекітіліпті.

Көктем басталғалы 991 гектар жер жыртылса, 7 207 гектар жерге ылғал жабылып, күздік дәнді дақылдар егілген 1 662 гектар жерге минералды тыңайтқыштар қолданылды.

                                                                                                             Нұрлан Садықов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале