12.04.2023, 16:46
Оқылды: 36

Ауыл жолдары тегістеліп жатыр

Күз мезгіліндегі жауын-шашыннан соң кедір-бұдыры шығып қатып қалған жолдар аудан мен ауыл арасынағы қатынасты қиындатқаны шындық. Күн жылынып, жер кепкен соң осы жайсыздық тудырып отырған жолды қырып, тегістеу мақсаты алға қойылды. Ауылдарға қатынасты жақсарту мақсатында Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты елді мекендердің ауылішілік және кіреберіс жолдары тегістелді.

339411324_1170887293623427_4078161715961504997_n

Бұл жұмысты «Абдуғалиев» ШҚ (меңгерушісі С.Абдуғалиев) Ақсоғым, «Саян» ШҚ (меңгерушісі Б.Айтжанов) Қызылкөл, «Наурызалиев» ЖК (меңгерушісі С.Наурызалиев) Жаңакүш, Шоқтыбай, Ұрысай ауылдарының ауылішілік жолдарын тегістеп шықты. Ал «Жәрдем» ШҚ (меңгерушісі Қ.Базарғалиев) Жаңакүш, Шоқтыбай, Ұрысай ауылдарын байланыстыратын кіре беріс жолдарына тегістеді.

Сонымен қатар аудан тұрғындарының аулаларын шығарылған қоқыс қалдықтары жиналатын полигон айналасын жинақтау да қолға алынды. Аудан орталығынан 3 қашырым жерде онласқан және 7 гектар жерді құрайтын полигон маңын тазалау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталының қорытындысында мердігер «Жәрлем» ШҚ (меңгерушісі Қ.Базарғалиев) танылғанды. Бүгінгі таңда ауданға өзінің тындырымды ісімен, қайырымдылық қадамдарымен де танылып үлгерген шаруа қожалының басшысы қоқыс қалдықтарының маңын тазалап, тегістеп жатыр.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале