13.04.2023, 10:30
Оқылды: 22

 «Олжастың шеберханасы»

Базартөбелік жас кәсіпкер Олжас Рамазанов өзінің қолынан келетін жұмысты өркендетіп, соның арқасында жаңадан ашқан ағаш өңдеу шеберханасын осылай атады. Өзіндей замандастарына  үлгі боларлық, көпшілікке пайдасы мол нысанның ашылу салтанаты өтіп, оған жерлестерінің кәсіпте алғырлығына сүйсінген ауылдастар жиналды.

1

Жиырма жеті жастағы Олжас – ағаштан түйін түйген шебер. Барлық құралмен жабдықталған шеберхана ашуды көптен бері армандаған ол бар үнемдеген қаражатын мақсатының орындалуына жұмсапты. Осыған дейін вахталық әдіспен жұмыс істеген. Еш жерден несие алмай, ауылдың ортасында бос тұрған үйді сатып алып, жөндеуден өткізді. Жұмысына қажет құралдарды да өз қолымен жасап шыққан. Шебер халыққа өз қызметтерін ұсынып, үй жиһаздарын, асхана бұйымдарын жасауға тапсырыс алады.

– Олжас еңбекқор бала екенін жастайынан көрсете білді. Міне, соның нәтижесінде керемет шеберхана ашты. Әрине, ауылға керек нысан – енді құрылысқа қажет ағаш, өзге де бұйымдарды алысқа шаппай-ақ ауылдан ала аламыз. Алғашында бізбен ақылдасып, өз тілегін жеткізгенде, қуана қолдадық. Алдағы уақытта жұмысы  берекелі болсын, сәттілік тілейміз, – деді ашылу салтанатында шеберхананың лентасын қиған округ әкімі Нұрбек Зиеденов.

Одан соң зейнеткерлер, ауыл жастары өз лебіздерін арнап, үлкендер ақ батасын берді.

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале