13.04.2023, 14:45
Оқылды: 68

Біріккен ұлттар ұйымы «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы жайлы фильм шығарды

Біріккен ұлттар ұйымы «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы жайлы фильм шығарды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

2e3ef3ee-4711-4a42-b7a5-e419b0e28628

Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің телеграм каналынан

«Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы (АДТБ) қалпына келтірудің әлемдік флагманы мәртебесіне ие болуына орай шығарылды. Оған өткен жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының айналадағы орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) және азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қалпына келтіру мен сақтау жолындағы ең сәтті он бағдарламаның бірі атағын берді.

«Алтын Дала» бастамасы 2006 жылдан бері ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, АСБК, Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS), Fauna & Flora (FFI) халықаралық ұйымы, Құстарды қорғау корольдік қоғамы (RSPB) арасындағы серіктестік аясында жүзеге асуда. Оның мақсаты – жануарлардың негізгі түрлерін, далалы және шөлейтті экожүйелерді сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін жетілдіру. Бастаманың басты «жалауы» – ақбөкен, оның саны браконьерлікке байланысты шектен тыс төмен деңгейде болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале