14.04.2023, 10:30
Оқылды: 61

Аса ірі партияда трамадол тәркіленді

11 сәуір Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық заттарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді. Бұл туралы polisia.kz жазды.

IMG_20230414_083311_535

Арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Байзақ ауданы Үлгілі ауылының 53 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдіктінің үйін тінту барысында оның бөлмесінен 3 430 дана "Трамадол", 90 дана "Самнол", 138 дана "Тропикамид" тәркіленді.

Барлығы 3 430 таблетка, 514 гр 5 млгр синтетикалық зат алынды.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Ұсталған адам кінәсін толық мойындады.

Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале