8.07.2016, 18:05
Оқылды: 19

Төрт жобаны іске асыру көзделуде

????????????????????????????????????

    Жәнібек ауданы кәсіпкерлерінің мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдалануға жыл санап ынтасы артып келеді. Бұған аудандық кәсіпкерлік бөлімі де тиісінше ықпал жасап отыр.


       Аталмыш бөлімнің басшысы Роберт Биғалиевтың бізге берген мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша 19 пайыздық мөлшермен (оның 10 пайызын демеуқаржы ретінде мемлекет береді, сонда кәсіпкер жыл ішінде 9 пайыз несие төлейді) несиелер берілуде.  Бөлім басшысының айтуынша ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға  «Даму» қоры арқылы 500 миллион теңге және облыстық бюджеттен 500 миллион теңге, барлығы бір миллиард теңге мөлшерінде қаржы 8,5 пайызбен республика бойынша алғаш рет біздің облыста бөлініп отыр. Күні бүгін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері осы бағытта бөлінген қаржыны кәсіпкерлердің несие алуына қол жеткізуі үшін  ықпал жасау мақсатында ауылдық округтерді аралап, түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізуде.  Қазір жоғарыда аталған екі бағытқа сәйкес 4 жобаны іске асыру көзделуде. Дәлірек айтқанда бұл жобалардың екеуі мал шаруашылығын дамытуға арналса, біреуі жеке дүкенге қосымша жабдықтар алуға бағытталуда. Ал енді бір жоба тас шығаратын цех ашу үшін ұйымдастырылған.

www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале