14.04.2023, 14:30
Оқылды: 47

Бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы Сириядан қайтарылды

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Снимок экрана (17)

Фото видеодан скрин

11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.

Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында. Психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық.  Қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр. Комиеттің хабарлауынша оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жуырда ол туыстарына беріледі.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елге қайтарған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале