Бүгін «Самғау» коворкингінде Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен 15 сәуір – ұлттық ғашықтар күні мерекесіне орай «Махаббат мәңгі ертегі» атты кеш өтті.
Алдымен Жанболат Мұсағалиев «Махаббат мәңгі ертегі» әнін көрермен мен қатысушылар назарына ұсынды.
Кешке Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, спортшы Шапағат Ермекқалиев пен аудандық аурухананың акушер медбикесі Дәмелі Мақсотова, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімдері Ернат Сұпығалиев пен Айнұр Ерғалиева және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы мен психологі Еламан Тілегенов пен Индира Әмірғалиева қатысты.
Көңілді өткен кеш сұрақ-жауап және ойын түрінде өткізілді.
Шара барысында әуезді әуенге де кезек беріліп, Камила Жексенғалиева «Мен деп ойла» әнін тамылжыта шырқады.
Кеш соңында қатысушыларға сыйлықтар тарту етіліп, меймандар жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz