Сырым аудандық Жас туристер станциясының жоспарына сәйкес Х.Досмұхамедовке 140 жыл және Күнбатыс Алашорда үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай аудан көлемінде “Жымпиты - Көгеріс - Қарақұдық - Бұлдырты” бағытында 74 шақырым мен төрт елді мекенді қамтыған көктемгі далалық жорық ұйымдастырылды.
- Аталған жорыққа екі мекеме жетекшісі мен Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша-бөбекжай кешені, Сырым мектеп-лицейінің жанындағы үйірменің жеті оқушы қатысып, екі ауылдық округ арқылы төрт елді мекенді қамтып, фотоматериалдар мен құнды ақпараттар жинап қайттық. Алған әсеріміз ерекше, - дейді Сырым мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жангүлім Рафих.
А. Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz